«Ұлытау көп жыл қаржыдан қағылды» - Дастан Рыспеков өңірді қалай дамытпақ?

Published at : 17 Dec 2025

Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспеков Ұлыстың подкастында өңірді толғандырып жүрген ең өзекті мәселелерге тоқталды. Сұқбат барысында «Қазақмыс» корпорациясының өңір экономикасындағы рөлі, корпорация төңірегіндегі соңғы талқылаулар, әлеуметтік жауапкершілік және салық саясаты кеңінен сөз болды.

Әкім Жезқазған мен Ұлытау облысының ондаған жыл бойы инфрақұрылымдық дамуынан неге кенже қалғанын түсіндіріп, бүгінгі күні су, жылу, медицина, экология және жол мәселелерін шешу бағытында қандай нақты қадамдар жасалып жатқанын айтты.

Сұқбатта көтерілген негізгі тақырыптар:
— «Қазақмыс» корпорациясының өңір экономикасындағы үлесі және жаңа акционерлерден күтілетін өзгерістер
— Жезқазған – Қызылорда тасжолының стратегиялық маңызы
— Ауызсу тапшылығы және су құбырларын жаңарту
— Жылу жүйесі, ЖЭО және тозған инфрақұрылым
— Экологиялық ахуал: Жезқазған расымен ең лас қала ма?
— Медицина: онкологиялық орталық неге жоқ және қашан салынады
— Азық-түлік бағасының қымбаттауы, логистика және жергілікті өндіріс
— Жастар, жұмыссыздық және әлеуметтік психология
— Туризмді дамыту, жол, қонақүй және инфрақұрылым
— Блогермен сот дауы: абыройды қорғау не үшін маңызды
— Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері және басқару стилі

Әкім өз алдына қойған үш негізгі мақсатын да ашық айтты:
Ұлытау облысына инвестиция тартып, жаңа өндіріс орындарын ашу;
Жезқазғанның жаңа батыс ауданын дамыту;
Қаланы толық таза ауызсумен қамтамасыз ету.

Дастан Рыспековтың айтуынша, өңірдегі нақты нәтижені көрсету үшін кемінде үш жыл қажет. Бұл сұқбат — Ұлытаудың бүгінгі шынайы ахуалын және алдағы бағыт-бағдарын түсінуге мүмкіндік береді.

Шығарылымның толық нұсқасын Ulysmedia YouTube арнасынан көре аласыздар.

Арнаға жазылып, бәрінен хабардар болыңыз.
Читайте нас и подписывайтесь:
Сайт ulysmedia.kz
Facebook: https://www.facebook.com/samal.ibrayeva
Telegram: https://t.me/ulysmediatg
Instagram: @samal.live
@ulysmedia.kz @vyhod_k_pravde
@ulysmedia.kz

Донаты для “Ulysmedia”:
+77017932418
Карта Kaspi Gold: 4400 4301 9413 8266
Карта Halyk Bank: 4300 0327 1086 4101
Samal Ibrayeva Kazakhstan

#Ulysmedia #