ЖЕЛТОҚСАН ЖАҢҒЫРЫҒЫ – кім қашан, қайда болды, кімдер ұйымдастырды?

Published at : 17 Dec 2025

1986 жылы КСРО-ны аяғынан тік тұрғызып, жүйені шайқалтып жіберген Желтоқсан оқиғасы қалай басталған еді? Бұл бір күнде тұтанған толқу ма, әлде халықтың ғасырлардан жалғасқан ішкі қарсылығының көрінісі ме? Ал алаңға шыққан жастарды советтік жүйе қалай жазалады? Тәуелсіздіктің бастауы болған оқиғадағы ұлттың жан жарасы толық жазылды ма? Зерттеуші Болатбек Төлепберген бүгінгі сұхбатта барлық сұраққа жан-жақты жауап беріп, 40 жылдай бұрынғы аласапыранның әр сағаты мен сәтін тізбелеп шықты.
Талқыланатын тақырыптар:

– Қонаев орнынан кетпегенде Желтоқсан қырғыны болатын ба еді?
– Жастарды жазалаған кімдер?
– Желтоқсандағы қазақ қыздарының қайсарлығы
– Түрмеде отау көтерген желтоқсаншылар
– Желтоқсан құрбандарының саны қанша?

#желтоқсаноқиғасы #қайратрысқұлбеков #желтоқсанжелі

00:00 – Сұхбат не жайында?
01:40 – Қонаев орнынан алынбағанда толқу болушы ма еді?
05:00 – 16 желтоқсан: оқиға қалай басталды?
07:00 – Театр және көркемсурет институты студенттерінің алғашқы қарсылығы
09:10 – Жастардың артында кімдер тұрды?
10:40 – 17 желтоқсан: оқиға қалай өрбіді?
12:10 – Қонаев неге жастардың алдына шықпады?
13:20 – Жастардың алдына шыққан лауазымды тұлғалар не айтты?
16:00 – Желтоқсанның бірінші күні алаңда қанша әскери болған?
18:00 – Алаңға студенттерден өзге кімдер шықты?
18:50 – 18 желтоқсан: не болды?
20:00 – Алаңға қанша әскери әкелінді?
22:10 – «Құйын» операциясы
24:40 – Жастарды жазалау
26:40 – Алаңға тек қана қазақ жастары шықты ма?
27:50 – Желтоқсанда қанша адам сотталды?
28:35 – Желтоқсан еліміздің басқа аймақтарын шарпыды ма?
31:00 – Баспасөз не деп жазды?
32:40 – Жаза мерзімі
33:30 – Түрмеде отау көтерген желтоқсаншылар
35:30 – Сотталушылар қай аймақтарда жазасын өтеген?
36:00 – Сотталған қыздардың тағдыры
38:00 – Желтоқсанда қанша адам қаза тапты?
39:10 – Желтоқсанның құрбаны болған Кенжегүл Молданазарова кім?
40:45 – Түрмедегі қорлық пен моральдық қысым
44:00 – Желтоқсаншылар толықтай ақталды ма?
46:20 – Комиссия жұмысы қалай аяқталды?
49:00 – Құпия құжаттарға толықтай қол жетті ме?
50:40 – Желтоқсан туралы он томдық кітап

Суреттердің дереккөзі: Wikimedia Commons, Юрий Беккер, ҚР ОМКФДЖА