Астарлы ақиқат: Үш еркектен төрт бала || Үздік шығарылымдар, 2019 жыл
Published at : 17 Dec 2025
28 жастағы Айгүл Нұржанова өкініштің жетегінде жүр. Анасынан ерте айырылған қаршадай қызға тағдыр қиындықты үйіп төкті. Тоғызыншы сыныпты бітірген кезінде оны көршісі зорлап, зар илеткен. Содан Жақсылық атты ұл тапты. Бірақ тұңғышын бауырына басқанда Айгүл мүлде бөтен еркектің босағасында еді. Айтуынша, «әулетімізді қара бет қылдың» деп налыған туыстары кәмелетке толмаған қызды зорлықпен тұрмысқа жіберген. Тұрмыстағы тауқымет тұқыртқасын үшінші баласына жүкті екеніне қарамай ажырасып, өз жолын табады. Айгүлдің одан кейінгі тағдыры шым-шытырық. Бүгінде 3 еркектен тапқан 4 баласы бар. Соның екеуіне қолы жете алмай шырылдап жүр.
К вашему вниманию – золотой архив телеканала КТК! На нашем YouTube-канале собрана коллекция любимых шоу и легендарных программ, которые непременно стоит пересмотреть.