Армысыз, көрермен!
Бұл арнайы репортажымызда қоғамдағы маңызды әрі өзекті мәселені — донорлық пен ағза тапшылығын көтереміз. Адам өмірін құтқару жолында жасалған батылдық пен жанқиярлықты көрсетуге тырыстық.
Көкшетаулық Меңдігүл Латиф пен Дінболат Құсайыновтың оқиғасы көптің жүрегін елжіретеді. Анасының қатерлі вирустың салдарынан бауыр циррозына шалдыққанын білген Дінболат, донор табылмаған соң және анасының жағдайы күн санап нашарлай бастаған кезде, өз бауырының 60% анасына берді. Еркін күрестен спорт шебері, талай жарыстарда жеңіске жеткен Дінболат осылайша спорттағы мансабынан бас тартты. Бұл оқиға көпке үлгі боларлық.
Қазір елімізде донор кезегінде 4000 астам науқас тұр. Оның ішінде 104 бала бар. Сау ағзаға қол жеткізу үшін олар жылдап күтеді. Сорақысы сай келетін донор табылмауы мүмкін. Соның салдарынан жыл сайын 300-ге жуық қазақстандық қайтыс болады. Елімізде өлген адамның сау ағзасын алуға заңмен рұқсат етілсе де, жақындарынан келісім алу қиын, кейде мүлде мүмкін емес. Соңғы 6 айда күту парағында тұрған 111 адам қайтыс болған.
Ағза донорына сұраныс күннен күнге артып келеді. Көбісі бүйрек, бауыр, өкпе немесе жүрекке мұқтаж. Өкінішке қарай, мәйіттік донордың ағзасына жақындары келісім беруі екі талай, ал бір мәйіт жеті адамға дейін өмір сыйлауы мүмкін. Мәселе өзекті.
Сіз қалай ойлайсыз, Дінболаттың жасағаны ерлік пе?
Пікіріңіз біз үшін маңызды. Лүпіл басып, редакция жұмысын ынталандырсаңыз, нұр үстіне нұр болады, құрметті көрермен!
🔴 Тайм-кодтар:
00:00 Анонс
01:08 Қонақтармен танысу
03:44 Білікті хирургке ауру қайдан келді?
06:14 Диагноздан кейін не өзгерді?
08:12 Анасына бүйрегін берген
12:07 Отадан кейінгі өмір қандай?
16:02 Ана мен баланың байланысы
18:32 Донорлық жайлы
23:35 Қорытынды
🔴 Біздің әлеуметтік желілердегі парақшаларымыз:
Instagram:
https://www.instagram.com/halyk_partiyasy/YouTube ҚХП: @народная_партия_казахстана
TikTok:
https://www.tiktok.com/@halyk_partiyasyFacebook:
https://www.facebook.com/halykpartiyasy?mibextid=LQQJ4d🔴 ПАРТИЯНЫҢ РЕСМИ САЙТЫ
https://halykpartiyasy.kz/ru#нпк #қхп